Ардагермен кездесу


Бүгін, 10 мамыр күні Алматы қаласындағы ШЖҚ «№ 5 қалалық перзентхана» МКК НұрОтан «Аврора» БПҰ ұйымдастыруымен Ұлы Отан Соғысының ардагері Мозговой Петр Емельяновичпен кездесу өтті. Ардагер қарт қан майданда қалған жастық шағын, қарулас достарының от кешкен ерлігін, ыстық пен суыққа мойымаған жауынгерлердің қайтпас қайсарлығын елжіреп отырып еске алды.

Бәріңіз жақсы білесіздер: Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 жарым миллионға жуық азамат аттанды. Олардың 5 мыңнан астамы қыз-келіншектер еді. Қазақстандықтар Отан алдындағы борышын абыроймен атқарды. Оған басты дәлел, 500-ге жуық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды. Бұл қазіргі ұрпақ үшін де үлкен мақтаныш!

«№ 5 қалалық перзентхана» қызметкерлері мен «Аврора» БПҰ сіздерге тек бейбіт өмір тілейді! Көбейіңіздер, көктеңіздер, әр шаңыраққа бақ қонсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *