№5 ҚАЛАЛЫҚ ПЕРЗЕНТХАНА

priemnaya@roddom5.kz

КГП на ПХВ "Родильный дом №5 г. Алматы"

№5  қалалық перзентханада 23.01.2023ж бас дәрігер Рахимова Светлана Бақытқызы  есеп беру жиыны өтті.  Жиынға Бақылау комитетінің төрайымы,  Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау  мекемесінің орынбасары,  перзентханада орналасқан кафедра қызметкерлері қатысты.

Есеп беру  жылында перзентхана көптеген жетістіктерге жетті.  Ол осы жылы ана өлімінің болмауы,  перинаталды өлім санының азаюы,  оперативті босандыру санының төмендеуі, ана мен нәресте аурушылдықтың төмендеуімен көрінеді.  Есептегі берілген мәліметтер бойынша перзентхананың жұмысын бағалайтын барлық көрсеткіштердің бірақалыпты  деңгейде екенін байқауға болады

Есеп беру жылында көптеген қызметкерлер жақын және алыс шет елдерде білімін жетілдірді. 

Кафедра қызметкерлерімен (профессор, доцент, ассистент) бірге емдеу жұмысы жүргізіледі. Осы есеп беру жылында кафедра қызметкерлерімен: консультациялар, курация, қараулар, семинар сабақтары және ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілді проф. Омарова Г.К «өзгертілген «нәзік/баяу» кесар тілігі» енгізілді. Сонымен қатар перзентханада жамбаспен жатуды бұру  құралы қолданылады.

 Перзентхана толығымен құрал-саймандармен қамтамасыз етілген. PRISMAFLEX- Гемодиаультрафильтрация аппараты,  XTRA- аутоинфузия аппараты, OLIMPUS – Эндоскопиялық  қондырғы, видео бронхоскоп, КЩС/КОС, ультрадыбыстық эксперттік кардиоваскулярлы сканермен аппарат, есеп беру жылында кереует қасына қойылатын гемодинамика мен тыныс алу қан сатурация датчигімен бірге үздіксіз динамикалық бақылау кардиомониторы (Филипс, Mindray- 10 дана)  жұмыс жасайды

Контакты родильного дома

Приемная директора:

Приемное отделение:

Служба поддержки пациентов:

Электронная почта:

rdom5@mail.ru